386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта лаңкестер мешітті жарып жіберді

  • 443
  • UPD: 11:33, 22.06.2017

Қаскөйлер әскерилер таяп қалғанда табан астынан осындай шешім қабылдаған. 800 жыл бұрын салынған көне ғимарат «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының негізгі тірегі саналатын Мосул қаласында орналасқан.

2014 жылы атышулы ұйымның басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади осы құлшылық үйінен сөз сөйлеп, халифат құрғанын жария еткен еді. Осыдан соң мешіт пен оның көлбеу мұнарасы экстремистердің басты нышанына айналды.

Айта кеткен жөн, Мосулды азат ету операциясы басталғалы 8 айдан асты. Әскерилер шаһардың басым бөлігін жаудан арылтып үлгерді. Қазір оның батысындағы «Ескі қала» ауданы үшін шайқас жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы