ЭКСПО көрмесіне келген әзербайжандық саяхатшылар өз еліне ерекше әсермен оралды

Тіпті, араларында Қазақстанға қайтадан келуге ниеттілер де аз болған жоқ. Болашақ энергиясы. Астанадағы халықаралық көрменің тақырыбы дәл осындай болғанымен, бұл тек қана жаңа жасыл технологиялардың жиынтығы дегенді білдірмейді.

Ол жерде бүкіл әлемнің мәдениеті, дәстүрі, яки өнері тоғысқан. Әзербайжан елінің сахатшылары ЭКСПО-дан алған әсерлерін осылай жеткізді.

Наир Алиев, тілші:

-Әрине, әр ел ең озық жасыл технологияларын әкелген. Сонымен қатар олар оған өзіндік ұлттық нақышты қосуға тырысқан. Мәселен, Германия павильонынан неміс асханасының дәмін татуға болады. Чехия мамандары да өзіндік бастамаларымен ерекше таңқалдырды.

Бұған қоса, саяхатшылар Астанада қауіпсіздік жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ал ЭКСПО қалашығындағы еріктілер тіптен ерекше әсер қалдырған.

Рамин Абдуллаев, тілші:

-Қазақстан халықаралық көрмені өте жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Бұл жерде ұйымдастырушылардың еңбегі ерен. Өз басым алып қалашықты аралауға 2 күн жұмсадым.

Жергілікті тұрғындар болса, саяхатшылардан Әзербайжан павильоны жайында сұрап жатты. Жалпы Әзербайжан елінің ұлттық күні 9 шілдеге жоспарланған. Сондықтан алдағы айда көрші елден келетіндер саны одан сайын артуы мүмкін.

Авторлары: Ермұхамет Мәулен, Шафаг Алиева, Эльшан Шахбалаев