387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда банк маңындағы жарылыстан адамдар қаза тапты

  • 569
  • UPD: 19:00, 22.06.2017

Ауғанстанның оңтүстігінде күшті жарылыс болды.

Лашкаргах қаласында банк ғимараты алдында бомба салынған автокөлік жарылған. Әзірше 30-ға жуық адамның қаза тауып, елуден астамының жараланғаны белгілі. Олардың арасында әскерилер де бар. Жарылыс мемелекеттік қызметкерлерге жалақы беріп жатқан кезде болған.

Соңғы айлары Ауғанстандағы жағдай ушығып кетті. Осыған дейін ауылдық жерлерді басып алған Тәлібан қозғалысы енді ірі қалаларды да шабуылдайтын болды. Сондай-ақ елде «Ирак пен Левант террорлық ұйымның» ықпалы да күшейіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы