Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулды лаңкестерден азат ету операциясы жүргізіліп жатыр

  • 432
  • UPD: 13:55, 22.08.2017

Мосулды лаңкестерден азат ету операциясы басталғалы бері, 626 мың тұрғын қаладан босып кеткен.

Бұл мәліметті миграция жөніндегі халықаралық агенттік жариялады. Қазір Иракта 5 миллионнан астам бала гуманитарлық көмекке зәру.

ЮНИСЕФ өкілдерінің мәлімдеуінше, жасөспірімдер зорлық-зомбылықтың зардабын жиі тартады. Оларды ұрлап, өз қатарында соғысуға мәжбүрлейді.

Айта кеткен жөн, Ирак пен Левант лаңкестік тобының тірегі саналатын Мосул үшін шайқас былтыр күзден бері жүріп жатыр. Қаңтарда шаһардың шығысы азат етілген. Ал ақпанда оның батыс бөлігін жаудан тазарту басталды.

Хабар 24 телеарнасы