387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея зымыранға арналған жаңа қозғалтқышты сынақтан өткізді

  • 368
  • UPD: 19:34, 23.06.2017

Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыранға арналған жаңа қозғалтқышты сынақтан өткізді.

Бұл туралы АҚШ-тың ақпарат құралдары хабарлайды.

Соңғы рет Пхеньян екі апта бұрын ғана кемені талқандайтын бірнеше зымыранын ұшырған болатын. Олар Жапон теңізіне құлады. Ал 29 мамырда баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Мұны арандатушылық әрекетке балаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан қарар қабылдаған. Құжат мемлекетке қарсы санкцияларды күшейтуді көздейді.

Хабар 24 телеарнасы