387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қайғылы оқиға салдарынан 5 адам көз жұмды

  • 473
  • UPD: 11:33, 24.06.2017

Түркияның Сакарья провинциясының Акязы ауданында қайғылы оқиға болды.

«Қалалық аквапарктің хауызында 5 адам тоққа түсіп, көз жұмды», деп хабарлайды арнамыздың осы елдегі меншікті тілшісі Ержан Жүніс.

Ресми ақпаратқа сүйенсек әуелі суда шомылып жүрген 3 жасөспірім баланы тоқ соққан. Ал оларды құтқару үшін хауызға секірген аквапарк иесі мен оның 30 жастағы ұлын да тоқтың күші шарпып өткен. Шұғыл оқиға орнына жеткен дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен ажалдан арашалап қала алмады.

Қазіргі таңда Түркияның Бас прокуратурасы бұл іске қатысты тергеу амалдарын бастады.

Акязы ауданының мэрі Хасан Акджанның айтуынша, аквапарк 2012 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ойын-сауық орталығы биылғы шомылу маусымының ашылу салтанатын айт мерекесінен кейін өткізбек болыпты.

Хабар 24 телеарнасы