389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меккеде лаңкестіктің беті қайтарылды

  • 452
  • UPD: 11:33, 24.06.2017

Сауд Арабиясының үкімет өкілдері лаңкестік шабуылдың алдын алғанын хабарлады.

Елдің арнайы қызметтері Меккедегі әл-Харам мешітінде жарылыс жасамақ болған жанкештінің ізіне түсіп, бір ғимараттың ішінде қоршап алған. Өз еркімен берілуден бас тартқан содыр өзін-өзі жарып жіберді. Салдарынан ғимарат қирап, 11 адам жарақаттанған. Олардың алтауы –шетелдік, қалғандары – тәртіп сақшылары. Осы қастандыққа қатысы бар бес күдікті қамауға алынды.

Кааба тасы орналасқан әл-Харам – әлемдегі ең қасиетті мешіт. Рамазан айы аяқталатын күні Меккеде миллиондаған адам айтты мерекелеуге кіріседі.

Хабар 24 телеарнасы