380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Араб елдері ресми Дохаға талап қойды

  • 415
  • UPD: 19:43, 24.06.2017

Катар мемлекетімен дипломатиялық байланысты тоқтатқан төрт араб елі ресми Дохаға өз талабын қойды.

Яғни Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Египет пен Бахрейн Катарға қарасты «Әл-Жазира» телеарнасының барлық бөлімшесін жабу керек дейді. Олар телеарнаны аймақтағы бүлікшілер қозғалысымен байланыс орнатып, жергілікті жұртқа теріс түсінік қалыптастырады деп айыптап отыр. Сонымен қатар Доханың Иранмен арадағы байланысын қысқартып, ел ішіндегі Түркияның әскери базасын жабуды шарт етті. Осы талаптың барлығы алдағы 10 күн ішінде орындалуы керек. Катар өкімет өкілдері мұны қабылдауға келмейтін және орындалуы мүмкін емес шарттар деп таныған.

Айта кетейік, парсы шығанағындағы елдер арасындағы кикілжің маусымның алғашқы күндері басталды. Онға жуық мемлекет Катарды лаңкестерді қаржыландырды деп айыптап, бұл елмен байланысын бірден тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы