389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда лай көшкіні жүрген аймақта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 441
  • UPD: 11:37, 26.06.2017

Қытайдың Сычуань провинциясында лай көшкіні жүрген жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Еске сала кетсек, өткен сенбіде мұндағы елді мекендердің бірін лай мен тас басып тастады.

Тау жынысы астында 40-тан аса үй қалған. Соңғы мәліметтер бойынша 25 адам қаза тауып, жүзге жуығы хабарсыз кетті.

Іздестіру жұмыстарына 3 мыңнан аса құтқарушы қатысып отыр. Лай көшкініне толассыз жауған жауын себеп.

Біріккен Ұлттар Ұйымы апатқа байланысты Қытай үкіметіне көмек ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы