383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракаста тікұшақты тізгіндеген полицей сот ғимаратын шабуылдады

  • 368
  • UPD: 10:36, 28.06.2017

Венесуэлада полиция офицері тікұшақты тізгіндеп әкетіп, жоғарғы сот ғимаратына шабуыл жасады.

Ол бұдан алдын Каракас қаласын айнала ұшып, халықты билікке бағынбауға шақырған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, басбұзар жоғарғы сот ғимаратына екі граната тастаған. Оның біреуі жарылмай қалыпты. Ел президенті Николас Мадуро мұны лаңкестік әрекет деп атады. Дәл осы күні Ұлттық ассамблея алдында тағы да қақтығыс болды. Ұлттық ұлан сарбаздары парламенттің 3 депутатын соққыға жыққан. Ал парламент ғимаратын президенттің жақтастары шабуылдап, қолдан жасалған жарылғыш заттар лақтырған.

Айта кету керек, Венесуэлада билікке қарсы шерулер сәуір айынан бері жалғасып келеді. Күн сайын көшеде бас көтерген жұрт полициямен қақтығысып жүр. Содан бері тәртіпсіздіктер салдарынан 75 адам қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы