386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО пен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 28 пайызға өсті

  • 483
  • UPD: 15:18, 01.07.2017

Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы тауар айналымы еркін сауда туралы келісім күшіне енгеннен бастап 28%-ға өсті.

Жеті айдың ішінде экспорт – 22%, ал импорт – 41%-ға ұлғайды. Бұл – ынтымақтастықтың алғашқы қадамдары.

Аталған деректер ЕЭО пен Вьетнам арасындағы Келісім шеңберіндегі бірлескен комитетінің бірінші отырысында мәлім болды. Тараптар ветеринарлық қызметтердің консультациясы туралы келісімге келді. Оның арқасында вьетнамдық компаниялар балық пен басқа да теңіз өнімдерін еуразиялық нарыққа жеткізуге рұқсат алуды көздеп отыр. Есесіне ЕО-ның ет және құс етінің өндірушілері Вьетнам нарығына шыға алады.

Вероника Никишина, ЕЭК сауда бойынша министрі:

- Жеті айдың ішінде еркін сауда туралы келісім бизнес үшін айтарлықтай нәтиже берді. Ең бастысы ол екі тарап үшін өте тиімді. Статистика бойынша екі елде де сауда айналымы 30% шамасында өcкен.

Чан Туан Ань, Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрі:

- Келісім күшіне енгеннен бастап жағымды әсерін көрдік. ЕАЭО-ға мүше әрбір елдің пікірін тыңдап, кәсіпкерлердің біздің нарықта қандай қиыншылықтарға тап болғанын сараптадық. Сауданы оңайлатудың тиімді тұстарын қарастырдық. Әрі қарай бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы