383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернеттің қолжетімділігін арттыратын аппарат сынақтан сәтті өтті

  • 595
  • UPD: 11:14, 01.07.2017

Көп ұзамай ғаламшардың кез келген нүктесінен ғаламторға қосылуға мүмкіндік туады.

Осы мақсатта Facebook компаниясы шалғайдағы аудандарға сигнал тарататын ұшқышсыз ұшақты екінші рет сынақтан өткізді. Мамандар сынақ өткізу үшін Аризона штатындағы жазық даланы таңдаған. Ұшырылған аппарат әуеде 1 сағат 46 минут қалықтап, жерге сәтті қонды.

Бұған дейін жүрігізілген тәжірибеде ұшқышсыз ұшақ жерге жайлы қона алмай, қанатын зақымдаған болатын. Енді алдағы уақытта Facebook аппаратты күн сәулесінен қуат алатын батареямен жабықтауды жоспарлап отыр. Бұл әуеде ұзақ уақыт қалықтап, интернет желісінің барлық жерде қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы