Жапондық «ЭКСПО әже» Қазақстанның ұлттық павильонына таңқалды

Жапондық «ЭКСПО әже» Қазақстанның ұлттық павильонын көріп, таңдай қақты.

1970-інші жылдан бастап ЭКСПО көрмелеріне баруды әдетке айналдырған 80 жастағы кейуана бүгін 11 павильонды аралап, арасынан «Нұр Әлемді» ерекше атап өтті. ТОмио ЯмАдаға осында қамтылған жасыл энергетика тақырыбына қатысты жобалар ұнаған.

Томийо Ямада, «ЭКСПО әже» (Жапония):

- Қазақстан павильонында адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертетін дүниелер баршылық. Мен бұл жерден ерекше әсер алып қайттым. Екі жыл бұрын Миландағы ЭКСПО-ға барған кезде қазақтың ұлттық биін тамашалап, дәстүріне қызықтым. Содан Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне келгім келді. Жалпы мені халықтың қонақжайлығы қайран қалдырып отыр.