384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таяу Шығыстағы ахуал ушығып тұр

  • 428
  • UPD: 10:44, 06.07.2017

Біріккен Араб Әмірліктері газ конденсаты тиелген катарлық 2 танкерді кемежайына кіргізбей қойды.

Бұған Дохаға салынған санкциялар себеп. Сөйтіп кемелер кері қайтты. Ал Катар тарапы Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық мұнай компаниясының үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді. Себебі келісімде көрсетілген шарттар орындалмаған. Сондай-ақ жауап ретінде «Дельфин» құбыры арқылы Абу-Дабиге көгілдір отын жеткізуді тоқтатуымыз мүмкін дейді.

Айта кеткен жөн, бір ай бұрын бірқатар мемлекет Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын. Арасында Біріккен Араб Әмірліктері де бар. Олар Доханы «лаңкестікті қолдап, Таяу Шығыстағы ахуалды ушықтырды» деп айыптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы