389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондондағы Camden Market базары отқа оранды

  • 465
  • UPD: 10:00, 10.07.2017

Лондонда жергілікті тұрғындар мен туристер арасында танымал Camden Market базары отқа оранды.

Әзірге қаза тапқандар мен жапа шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Тілсіз жаумен күреске 70-тен астам маман жұмылдырылды. Ал оқыс оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Айта кеткен жөн, өткен айда ғана осы Лондонда алапат өрт шыққан еді. 14 маусымға қараған түні мұнда 24 қабатты тұрғын үй отқа оранып, 80-ге жуық адам қаза тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы