389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде демалыс жағажайы ашылды

  • 387
  • UPD: 10:22, 10.07.2017

Бельгия астанасы Брюссель тұрғындары алдағы 5 аптаның ішінде суға шомылып, күнге қыздырыну үшін теңіз жағалап әуреге түспесе де болады.

Өйткені қала билігі шаһардағы су арналарының бірінде үлкен құмды демалыс жағажайын ашты. Демалыс орнында би, спорттық ойындар, кемелермен серуендеу сияқты түрлі ойын-сауық шарасы да қаралған. Жағажай маңында уақытша дәмханалар мен мейрамханалар да бар. Демалушылар жағажайдың өте жақсы ұйымдастырылғанын айтады. Осымен оныншы жыл қатарынан ашылып отырған демалыс орны тамыздың 13-іне дейін жұмыс істейді.

Брюссель тұрғыны:

– Өте жақсы ұйымдастырылған. Демалыста жүргендей сезінесіз. Маған қатты ұнады.

Брюссель тұрғыны:

– Мен барлығына осында келіп демалуға кеңес берер едім. Сусындары өте жақсы. Ауа райы қандай. Барлығы керемет.

Хабар 24 телеарнасы