387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда су перісінің қаңқасы табылды

  • 829
  • UPD: 16:42, 11.07.2017
Мысырда су перісінің қаңқасы табылды

Жуырда Мысыр жағалауларының бірінде балық құйрықты әйел тәріздес жаратылыстың қаңқасы табылған.

Осыдан кейін мысырлық ғалымдар ортақ шешімге келіп, су перілерінің тек ертегіде ғана емес, шынайы өмірде де болғанына сендірді. Табылған су перісінің қаңқасы биологтарды аса қатты қызықтырғаны анық. Олар сол жерді суретке түсіріп, әлі де зерттеу үстінде. Алайда ғалымдар қаңқаның күн сайын ыдырап бара жатқанын да байқады. Биологтардың сөзіне сенсек, бұл жағдай су перілерінің өмірде бар екеніне жалғыз мысал емес. Бұған дейін де осы маңайдан аталған жаратылыс иесіне ұқсас денелер табылған деседі.

Хабар 24 телеарнасы