384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Моңғолия президентін ұлықтау рәсімі өтті

  • 863
  • UPD: 19:42, 10.07.2017

Моңғолия астанасы Ұланбатырда елдің жаңа президенті Халтмаагийн Баттулганы ұлықтау рәсімі өтті.

Мемлекеттің бесінші басшысы Моңғол Ата заңына қол қойып тұрып, ант бергеннен кейін, төртінші президент Цахиагийн Элбэгдорждан мемлекеттік мөрді табыстады. Президентті ұлықтау рәсіміне шетелдік елшілер мен парламент мүшелері және өзге де құрметті қонақтар қатысқан.

Айта кетейік, 7 маусымда Моңғолияда алғаш рет президент сайлауы екі кезең бойынша өтті. Соның нәтижесінде Демократиялық партиядан үміткер Халтмаагийн Баттулга жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы