386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада орман алқабы өртке оранды

  • 514
  • UPD: 11:28, 11.07.2017

Канаданың Британ Колумбиясы провинциясындағы орман өртіне байланысты 14 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Осыған дейін апат аймағынан 10 мың адам эвакуцияланған болатын. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қызыл жалынның аумағы ұлғайып, 20-40 шаршы шақырым жерге жайылған.

Құзыретті органның мәлімдеуінше, оттың таралуына жел бағытының өзгеруі де себеп. Қазір аймақта 231 өрт ошағы тіркелген. Тілсіз жаумен күресуге жүздеген маман тартылды. Бірақ ауа райының құрғақ әрі ыстық болуы оларға кедергі келтіріп отыр. Өрттің шығуына найзағайдың түсуі және адамдардың орманда отты сөндірмей кетуі себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы