387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны 300 мыңнан асты

  • 514
  • UPD: 11:33, 11.07.2017

Қауіпті дерттен 1 мың 700-ден астам адам көз жұмған.

Мұны Халықаралық Қызыл крест комитеті мәлімдеді. Ал өткен айдың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұқпалы аурудың ел аумағында кеңінен таралып бара жатқанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, күніне 7 мыңнан астам адам қауіпті дертті жұқтырады екен. Өйткені індетпен күресу үшін дәрі-дәрмек пен мамандар тапшы.

 

Айта кетейік, Йеменде тырысқақ ауруының шығуына 2014 жылы басталған Абд-Раббу Хади үкіметі жақтастары мен хусит көтерілісшілері арасындағы соғыс түрткі болды.

Хабар 24 телеарнасы