389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция 2025 жылға қарай 17 өндірістік атом реакторын жабуы мүмкін

  • 493
  • UPD: 13:47, 11.07.2017

Бұл туралы елдің Кешенді экологиялық өзгерістер министрі Николя Юло мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, бұл жоба елдегі атом энергиясын қысқарту жоспары негізінде жүзеге асырылады. Қазір мемлекет аумағында 58 өндірістік қондырғы жұмыс істеп отыр.

Айта кетейік, Франция атом электр станцияларынан қуат өндіру бойынша әлемде екінші орында.

Николя Юло, Кешенді экологиялық өзгертулер министрі:

- 2025 жылға қарай елдегі жалпы өндірілетін электр қуатының 75%-ын қамтып отырған атом электр станцияларының үлесі 50%-ға дейін азайтылуы керек. Ол үшін біраз қондырғыны жабу қажет. Бірақ мәселені әлі де зерттей түспекпіз.

Хабар 24 телеарнасы