387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда табиғат апатынан 14 адам көз жұмды

  • 503
  • UPD: 18:43, 14.07.2017

Вьетнамның солтүстігінде бірнеше апта бойы толассыз жауыннан су тасқыны мен лай көшікіні жүріп, 14 адам қаза тапты.

Бірнеше тұрғынның өлі-тірісі белгісіз. Аймақта 500-ден астам үй мен 1 жарым мың гектар күріш алқабы су астында қалған. Табиғат апатының салдарынан мемлекетке 2 млн долларға жуық шығын келді.

Жалпы, Вьетнам халқы тропиктік дауыл мен тайфуннан жиі зардап шегеді. Өткен жылы желтоқсан айында елдің орталық аймағындағы су тасқыны 24 адамның өмірін қиған еді

Хабар 24 телеарнасы