389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеранда ер адам діни қызметкерді пышақтады

  • 614
  • UPD: 16:47, 15.07.2017
Тегеранда ер адам діни қызметкерді пышақтады http://en.mehrnews.com/news/126517/Subway-attacker-shot-dead

Тегеран метросында ер адам мен діни қызметкердің арасында туындаған кикілжің кесірінен жігіт оны пышақтап жаралады.

Мұны көрген метро жолаушылары араласып, жігітті тоқтатуға ұмтылды. Бірақ көзіне қан толған адам пышақты құлаштай сермеп, салдарынан сол жердегі 15-ке жуық адам түрлі деңгейде жараланды. Пышақтау салдарынан діни қызметкер мен тағы бір адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Mehr агенттігі хабарлайды

Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмыскерге оқ атып тоқтатты. Ауыр жараланған ол, қолға түскеннен кейін қайтыс болды.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы