388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада сот реформасына қарсы ереуіл өтті

  • 458
  • UPD: 19:07, 17.07.2017

Сот реформасына қарсы ереуілдер Польшаның ірі қалаларында өтті.

Ең ауқымдысы ел астанасы Варшавада ұйымдастырылған. Мұнда наразылық шарасы 4,5 мың адамның басын қосты.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Сенат заңға түзетулер енгізуді қолдап, дауыс берген болатын. Осылайша енді Жоғарғы сот Әділет министрлігіне бағынбақ.

Сондай-ақ осы аптада тағы бір заң жобасы қарастырылуы тиіс. Құжат Әділет министрлігіне алдын ала кеңес жүргізбей-ақ, Жоғарғы сот мүшелерін тағайындауға рұқсат береді. Жергілікті жұрт реформа сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарына қайшы келеді дейді.

Анна, ереуілге қатысушы:

- Біз заң жобасына үзілді-кесілді қарсымыз. Өйткені ол демократияға қайшы келеді. Билік басындағылар біздің талаптарымызды назарсыз қалдырмайды деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы