389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет халқы заңсыз қоныстарды бұзуға наразылық білдірді

  • 602
  • UPD: 19:07, 17.07.2017

Еипет астанасы Каирдың шеткі аудандарының бірінде тұрғындар биліктің заңсыз қоныстарды бұзуына наразылық танытып, полициямен қақтығысқа түсті.

Салдарынына 1 адам қаза тауып, 37 тәртіп сақшысы мен 20-ға жуық тұрғын жараланған. Бірнеше кісі қамауға алынды.

Оқиға Ніл өзенінің жағасындағы Эль-Варрак ауданында болды. Тәртіп сақшылары үйлерді бұзу үшін келгенде тұрғындар тас лақтырып, полиция күш қолданған. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ауданда 90 мыңға жуық адам тұрады.

Айта кетейік, Египет президенті Абдул Фаттах әл-Сиси мамыр айында мемлекеттің меншігіндегі жерлерде заңсыз тұрғызылған үйлерді бұзу басталатынын мәлімдеген. Алайда биліктің мұндай шешіміне халық наразы.

Хабар 24 телеарнасы