386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда құтқарушылар үшін «Теңіз кодексі» жасалды

  • 474
  • UPD: 18:14, 18.07.2017

Енді Жерорта теңізінде құтқару операцияларын жүргізетін Үкіметтік емес ұйымдар мен өзге де мекемелердің қайықтары осы ережеге бағынуы керек. Жаңа тәртіпке байланысты енді оларға Ливия аумағында күзету шараларын жүргізуге және құтқарылған мигранттарды басқа қайықтарға отырғызуға тыйым салынады. Заңға бағынбағандар Италия портына кіре алмайды.

Осылайша Рим елге келіп жатқан босқындар санын азайтуды көздеп отыр. Себебі бұған дейін гуманитарлық ұйымдар: «Келімсектерді заңсыз алып өтуді ынталандырады», – деп талай рет сын-ескертпе айтқан болатын.

Ал жаңа кодекс Еуроодақтың қолдауына ие болды. Жуырда заңдық күшіне енеді. Сондай-ақ Италияның Ішкі істер министрі Марко Миннити көрші елдерден құтқарылған келімсектерге өздерінің порттарын ашуы үшін «Тритон» және «София» деп аталатын Еуропадағы құтқарушылық міндеттің ережелерін қайта қарауды талап етті.

Марко Миннити, Италияның Ішкі істер министрі:

– Осындай төтенше жағдай кезінде Италияны жалғыз қалдыру қателік. Себебі оның салдары қиын болуы мүмкін. Менің ойымша, біздің алдымызда күрделі мәселе тұрған кезде бір-бірімізге ашық болуымыз керек. Себебі ешкім де дара жүріп бұл қиындықпен күресе алмайды.

Хабар 24 телеарнасы