386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ: Мосул үшін шайқастар кезінде 40 мыңнан астам адам қаза тапқан

  • 510
  • UPD: 19:09, 20.07.2017

Ирактың Мосул қаласы үшін шайқас кезінде 40 мыңнан астам бейбіт тұрғын ажал құшқан.

Мұндай жантүршігерлік мәліметті  британдық «Индепендент» басылымы  жария етті. Айта кеткен жөн  елдегі екінші ірі қала Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының»   бас тірегі болған еді. Оны азат ету шарасы  9 айға жалғасып,, шілденің басында ғана аяқталды. Әскери операцияға үкімет жасағы мен күрд жауынгерлері қатысты. Ал АҚШ бастаған халықаралық коалиция содырларды әуеден соққылаған. Алдын ала мәлімет бойынша шаһарды қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл кетуі мүмкін. Өйткені атыс-шабыстан мұндағы ғимараттардың басым бөлігіне нұқсан келген. Қазір қирандыларды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы