389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияда тырысқақ дерті өршіп тұр

  • 426
  • UPD: 19:52, 20.07.2017

Кения астанасы Найробиде тырысқақ дерті өршіп тұр.

Аурудан 4 адам ажал құшқан. Тағы 79 тұрғынның  індетті жұқтырғаны анықталды. Осыған байланысты жергілікті билік кеселмен күресті күшейтіп отыр. Атап айтсақ, шаһарда қосымша  10 медициналық орталық ашылған. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  кәріз жүйелерін жөндеу жұмыстары  жүргізіліп жатыр. Сондай ақ алдағы уақытта  тамақ өнеркәсібі саласының  жарты миллионға жуық қызметкері медициналық тексеруден  өтуі тиіс. Айта кеткен жөн, Кения жұртшылығы  былтыр да осы індеттің азабын тартқан еді. Өткен жылы мұнда тырысқақтан 216 тұрғын көз жұмып, 13 мың адам ауруханаға түскен.

Хабар 24 телеарнасы