384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда тұрмыстық газ жарылып, 2 адам мерт болды

  • 489
  • UPD: 16:44, 21.07.2017

Қытайдың Ханчжоу қаласында тұрмыстық газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты.

Тағы 20-дан астамы жараланды. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, жарылыс шаһардағы асханалардың бірінде болған. Оқыс оқиғадан маңайдағы нысандар мен автокөліктер зақымданды. Газдың жарылған сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Қазір ол жерге өрт сөндірушілер келіп, отты толықтай өшірді. Ал дәрігерлер жараланғандарға медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы