387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда жойқын жарылыстан 20-дан астам адам қаза тапты

  • 464
  • UPD: 15:47, 24.07.2017

Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болды.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша қастандықтан 24 адам қаза тапты. Тағы 40-тан астамы жараланды. Ал жарылысты жанкешті жасаған. Ол шаһардың батысындағы аудандардың біріне келіп, көлігіндегі жарылғышты іске қосқан. Алайда оның мұндай қадамға не мақсатпен барғаны белгісіз. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойындаған жоқ. Соңғы деректерге қарағанда жыл басталғалы Ауғанстанның 1660-тан астам тұрғыны жарылыс құрбаны болған.

Хабар 24 телеарнасы