389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Американдық спортшы 100 метрге жүзуден әлемдік рекорд орнатты

  • 668
Американдық спортшы 100 метрге жүзуден әлемдік рекорд орнатты mts.kg

Американдық Лилли Кинг 100 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордты жаңартты.

Оған дейін ең үздік көрсеткіш литвалық Рута Мейлутитеге тиесілі болған. Ол аталмыш рекордты 2013 жылы Барселонада өткен Әлем чемпионатында орнатқан болатын.

Ал Лилли Кинг Будапешттегі су спорты түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында финалдық жүзу кезеңінде 100 метр қашықтықты 1 минут 4,13 секундта жүзіп өтті.

Жалпы американдық спортшы – аталмыш дистанцияда 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының жеңімпазы.

Хабар 24 телеарнасы