386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль полициясы араб мұсылмандардың наразылығын тудырған қауіпсіздік шараларын алып тастады

  • 404
  • UPD: 23:26, 27.07.2017

Израиль полициясы Иерусалимде екі апта бойы араб мұсылмандардың наразылығын тудырған қауіпсіздік шараларын алып тастады.

Жұмысшылар түнде Әл-Ақса мешітінің алдына қойылған металл тексергіштерді бұзып, қоршауларды жинап әкетті. Бірақ Израиль тарапы бұл құрылғылардың орнына бейнебақылау камераларын қолдануды көздеп отыр. Ал Палестина басшылығы еврей үкіметінен Ескі қала ауданындағы бұрынғы тәртіпті қалпына келтіруді талап етіп отыр.

Айта кетейік, Израильдің қауіпсіздік шарасын күшейтуге Ғибадатхана тауында 2 еврей жауынгеріне жасалған шабуыл себеп болған. Осыдан кейін олар Әл-Ақса мешітінің алдына металл тексергіш құралдар орнатып, жасы 50-ге толмаған адамдардың кіруіне шектеу қойды. Салдарынан қақтығыстар басталып, 4 палестиналық пен 3 израильдық қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы