386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ босқындарға қаржы бөлді

  • 305
  • UPD: 12:14, 28.07.2017

Еуропалық Одақ Грекияға мигранттарды орналастыру үшін 209 млн еуро бөлді.

Еурокомиссияның мәлімдеуінше, қазір бұл елде 60 мыңнан астам босқын көмекке мұқтаж. Ал бөлініп отырған қаржы келімсектерді уақытша орналастырып, жұмыспен қамту үшін қажет. Оның 93 млн 22 мың босқынға баспана жалдауға, 57 млн әлеуметтік қажеттіліктерге, ал қалғанын үкіметтік емес ұйымдарға беру қарастырлған.

 Өткен жылы наурыз айында Грекиямен көрші елдер шекараны жауып, босқындар ішкі Еуропаға өте алмай грек жерінде қалып қойып отыр. Салдарынан мигранттар лагерьлеріне адамдар сыймай, жағдай шиеленісе түскен. 

Хабар 24 телеарнасы