385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда Премьер-министр қызметінен босатылды

  • 699
  • UPD: 02:25, 29.07.2017

Пәкістанның Жоғарғы соты елдің Премьер-министрі Наваз Шарифті қызметінен босатты. Сондай-ақ Наваз Шариф пен оның отбасы мүшелері үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Мұндай ақпарат жарияланғаннан кейін Премьер-министр отставкаға кетуді жөн санапты.

Айта кетейік, 2016-шы жылдың сәуірінде панамалық «Моссак Фонсека» құқықтық компаниясы жариялаған құжат бойынша, Наваз Шарифтің екі ұлы және бір қызы Британияға қарасты Виргин аралдарында үш офшорлық компанияны иемденген. Осыған байланысты Жоғарғы сот арнайы комиссия құрып, тергеу жүргізді. Сөйтіп бір ауыздан Премьер-министрді қызметінен босатып, үстінен қылмыстық іс қозғауға үкім шығарды. Сонымен қатар сот панамалық құжатқа байланысты елдің қаржы министрін де жұмыстан босатты.

Хабар 24 телеарнасы