384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада ереуілдер тыйылар емес

  • 410
  • UPD: 16:30, 29.07.2017

Ел астанасы Каракаста наразылықтың соңы полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Соңғы екі күн ішінде мұнда 6 адам текетірес құрбанына айналған. Елде ереуілдер белең алғалы тәртіпсіздіктерден көз жұмғандар саны 110 адамнан асты. Қамауға алынғандар 5 мыңға жуықтаған. Биыл көктемде Жоғарғы сот Парламент өкілеттігін шектеу шешімін қабылдаған болатын. Кейіннен оны кері қайтарғанымен, ашуға мінген жұрт наразылық шараларын ұйымдастырып келеді. Олар сот мүшелерімен қоса президенттің де отставкасын талап етті. Шерушілер оны Венесуэладағы саяси және экономикалық жағдайдың нашарлауына жауапты санайды. Алайда мемлекет басшысы ахуалдың ушығуына оппозицияны кінәлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы