389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания 150 адамды азаматтығынан айырды

  • 517
  • UPD: 23:33, 30.07.2017

Ұлыбритания билігі елден кетіп, экстремистерге қосылған 150-ден астам адамды азаматтығынан айырып, елге кіруге тыйым салды.

Олардың көбі Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қосылған ер-азаматтар мен содырларға тұрмысқа шыққан бойжеткендер. Арнайы қызметтің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 40 азаматтың төлқұжатының күші жойылған. Бұған дейін қауіпсіздік органы Сирияға барып қайтқан 350 азаматты қара тізімге енгізгені туралы хабарлаған болатын. Ал жалпы қақтығыс аймағына 850 адам сапар шегіп, олардың 15%-дайы сол жақта қаза тапты. Қазір ел аумағында лаңкестік жасауы мүмкін деген күдікпен 3 мыңға жуық азамат бақылауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы