385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода қылмыспен күресуге бағытталған операция басталды

  • 369
  • UPD: 23:33, 30.07.2017

Бразилия билігі Рио-де-Жанейро қаласындағы ұйымдасқан қылмыспен күресу үшін арнайы операция бастап, шаһарға әскер кіргізді.

Шараға 8 жарым мың жауынгер мен полицей және әуе-теңіз күштері жұмылдырылған. Басты назарда – кедей-кепшіктер тұратын аудандар. Өйткені бұл мекендерді қылмыстық топтар бақылайды. Арнайы операция келесі жылдың соңына дейін жүргізілмек. Президент Мишел Темер шараның мақсаты қауіпсіздікті нығайту екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы