385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы ереуілдер толастамай тұр

  • 425
  • UPD: 11:30, 31.07.2017

Венесуэлада жаппай ереуілдердің басылатын түрі жоқ.

Салдарынан соңғы 2 күн ішінде 16 адам көз жұмған. Бұл жантүршігерлік мәліметті оппозиция өкілдері жария етіп отыр. Сөйтіп, наразылық шаралары белең алғалы қаза тапқандар саны 120 адамнан асып кетті.

Жағдайдың бұлайша ушығуына кеше өткен конституциялық ассамблея сайлауы түрткі болған. Өйткені көбісі бұл саяси шара елде демократияның әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан додаға халықтың 12 пайызы ғана қатысқан. Бұл рекордтық төмен көрсеткіш болып отыр.

Айта кеткен жөн, биыл көктемде жоғарғы сот негізінен оппозиция өкілдерінен тұратын парламенттің өкілеттілігін шектеу туралы шешім қабылдады. Жұрт қарсы шыққасын кейіннен оны кері қайтарды. Алайда халық сол уақыттан бері ереуілдетуін тоқтатқан жоқ. Олар сот мүшелерімен қоса енді президенттің де отставкасын талап етуде. Венесуэлалықтар оны елдегі саяси әрі экономикалық жағдайдың нашарлауына кәнілі деп санайды. Алайда мемлекет басшысы ахуалдың ушығуын керісінше оппозициядан көріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы