387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Катармен байланысты үзген елдер өз әуе кеңістігін беру шартын атады

  • 539
  • UPD: 23:01, 31.07.2017

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр билігі Катар ұшақтарына өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат береді.

Алайда бұл тек төтенше жағдайға ғана қарастырылған шара. Бұл туралы Сауд Арабиясы азаматтық авиациясының мемлекеттік агенттігі хабарлайды. Сөйтіп, бас-аяғы 9 әуе дәлізі қолдануға берілу керек. Тиісті хабарландыру 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Алайда ресми Доха араб елдерінің бұл ниеті жайлы хабарды жоққа шығарып отыр.

Айта кету керек, маусымның басында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын. Олар мемлекетті лаңкестерге  қолдау көрсетіп, өзге елдердің ішкі істеріне араласқан деп айыптаған. Кейіннен қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін өз талаптарын қойды. Алайда ресми Доха бұл шарттарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы