386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар саны артты

  • 340
  • UPD: 16:42, 01.08.2017

Венесуэлада соңғы 4 айдың ішінде билікке қарсы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандардың саны 120-ға жетті.

Тағы 2 мың адам жарақат алған. Конституциялық Ассамблея сайлауынан кейін ел прокуратурасы осыны мәлімдеді. Дауыс беру күні де тәртіп сақшыларымен қақтығыс кезінде 10 адам көз жұмған. Оппозиция болса сайлауды заңсыз деп тануға шақырып мезгілсіз наразылық акциясын жариялады. Өйткені Конституциялық Ассамблея елдің атазаңын өзгертуге құқысы бар. Ал Ассамблеяға сайлауды аймақтағы Америкалық мемлекеттер ұйымы да заңсыз деп отыр. АҚШ билігі болса президент Николас Мадуроға санкция салды.

Хабар 24 телеарнасы