384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда ел басшысы лауазымына 59 кандидат тіркелген

  • 485
  • UPD: 16:42, 01.08.2017

Қырғызстанда президенттік сайлауға үміткерлерді ұсыну науқаны аяқталды.

Қазір ел басшысы лауазымы үшін саяси додаға түсуге 59 кандидат тіркеліпті. Оның 11-і саяси партия атынан түссе, қалған 48-і өзін-өзі ұсынғандар. Олардың арасында 7 әйел де бар.

Айта кетейік, қазіргі Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың президенттік мерзімі желтоқсанның бірінде аяқталады. Ел конституциясына сай ол қайтадан сайлауға түсе алмайды. Ал саяси дода қазанның 15-іне белгіленген. 

Хабар 24 телеарнасы