386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы аптап ыстық 8 адамның өмірін қиды

  • 420
  • UPD: 16:41, 01.08.2017

Жапонияда аптап ыстық салдарынан 8 адам қаза тапты.

5 мыңға жуық тұрғын шыжыған ыстықта күн өткізіп алып, дәрігерлік көмекке мәжбүр болған. Бірақ ауруханаға жеткізілгендердің саны өткен аптаға қарағанда мың адамға азайған. Алайда ауа райын болжаушылар алдағы күндері ауа температурасы Цельсий бойынша 35 градусқа жетіп, аптап ыстық әлі жалғасады деп отыр. Осыған байланысты жергілікті билік жапониялықтарға күн астында ұзақ жүрмеуге және көп мөлшерде су ішуге кеңес береді. Ал өткен жылы күншығыс елінде аптап ыстықтан 100 адам ажал құшқан.

Хабар 24 телеарнасы