386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда жаңа премьер-министр сайланды

  • 414
  • UPD: 11:42, 02.08.2017

Пәкістан парламенті биліктен қуылған премьер-министр Наваз Шарифтік орнына жаңа үкімет басшысын сайлады. Енді министрлер кабинетін Шахид Хакан Аббас басқарады.

Оны елдің Ұлттық ассамблеясындағы 342 депуттатың 221-і қолдаған.

Айта кетейік, Шахид Хакан Аббас бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифтің жақтасы. Сарапшылардың айтуынша, биліктегі партия оны үкімет басына уақытша сайлады. Ал негізі билікке Наваз Шарифтің інісі Шахбаз Шариф келуі мүмкін. Қазір ол Пенджаб провинциясын басқарып отыр. Дегенмен жаңа басшы үкімет басына біреуге орынды сақтап отыру үшін емес мемлекеттік маңызды істермен айналысу үшін келгенін ашық айтты.

Еске сала кетейік, 28-ші шілдеде Пәкістанның жоғарғы соты премьер-министр Наваз Шарифті жемқорлыққа жол берді деп айыптап, қызметінен босатты және оның отбасы мүшелерінің де үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Хабар 24 телеарнасы