384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда патша заманындағы зеңбіректің оқпаны табылды

  • 678
  • UPD: 10:56, 03.08.2017

Петропавлда мәдениет және демалыс саябағын қайта жөндеу кезінде көне патша зеңбірегінің оқпаны табылды.

Өлкетанушылардың айтуынша, құнды жәдігер Петропавл қамалы салынған 1752 жылдары әкелінген болуы мүмкін. Ертеде ол осы маңдағы дөңде орнаталып, кейін қала тұрғындары мен қонақтары қызықтайтын орынға айналған. Алайда 2000 жылдары жоғалып кеткен екен. Екі жарым ғасырдан астам тарихы бар оқпанды құрылысшылар дәмхана ғимаратын бұзу кезінде кезіктірді. Салмағы өте ауыр. Енді бұл жәдігер тарихи-өлкетану музейіне қойылмақ.

Еркен Шалкенов, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары: 

- Алдын ала болжам бойынша бұл зеңбірек Петропавл бекінісінде тұрған. Енді қалалық әкімдіктің шешімімен бұл біздің музейдің қорына беріледі. Бұдан соң біз зерттеу жұмыстарына кірісетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы