386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эстонияда тұтынушыларға сусындарды дрондар жеткізетін болады

  • 389
  • UPD: 07:54, 04.08.2017

Эстонияда сусындарды тұтынушыларға өздігінен жеткізетін дрондарды сынақтан өткізу сәтті аяқталды.

Мұндай қызмет көрсету түрі болашақта бәріне қолжетімді болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде орналасқан Вильянди қаласында демалушыларға жаз бойы дрондар сусын тасиды. Бірақ тапсырыс тұтынушыға дейін жетпейді. Арнайы бекетке барып, сусынды алып кету керек.

Михкел Илп, Cleveron компаниясының қызметкері:

- Шынында сусынды жеткізу тасымалдаудың ең қымбат сатысы. Өзіміз өткізген сынақ көрсеткендей, тауарды жеткізу қызметіне қарағанда дрондар әлдеқайда тиімдірек. Орташа есеппен алғанда дронға кеткен шығын курьерге төленетін қаражаттан бес есе кем.

Хабар 24 телеарнасы