387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандағы әскери базада сарбаз қызметтестерін атып тастады

  • 550
  • UPD: 22:39, 06.08.2017
Ирандағы әскери базада сарбаз қызметтестерін атып тастады

Иранның Кахризак қаласында орналасқан әскери базада сарбаз өзінің әріптестеріне қару кезеніп, 4 әскериді атып тастады.

Бұл туралы жергілікті Mehr News хабарлайды.

Тегераннан 10 шақырым жерде болған оқыс оқиға кезінде тағы 10-нан астам адам жараланған. 

Қазіргі уақытта олар ауруханаға жеткізілді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы