385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда су тасқыны құрбандарының саны артты

  • 477
  • UPD: 18:30, 07.08.2017

Вьетнамның солтүстігінде су тасқыны құрбандарының саны тағы артты.

Соңғы мәлімет бойынша табиғи апат 26 тұрғынның өмірін қиған. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен 15 адам әлі табылған жоқ. Негізі елде өткен аптадан бері нөсер толас таппай тұр. Соның салдарынан жолдардың біразын су шайып кеткен. Іздестіру операциясын осы жайт қиындатып тұр. Топан судан өңірдің ауылшаруашылық саласына айтарлықтай нұқсан келді. 200-ден астам үй қирап қалған. Зақымданғандарының саны екі есе көп. Су тасқынынан келтірілген материалдық шығын 40 миллион АҚШ долларынан асады. Қазір 5 мыңға жуық адам табиғи апат салдарын жоюға қатысып жатыр. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітер емес. Олардың айтуынша, шелектеп құйған жауын-шашынның таяу арада басыла қоятын түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы