386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгтағы экологиялық жағдай тұрғындар мен экологтарды алаңдатып отыр

  • 759
  • UPD: 19:11, 09.08.2017

Гонконг билігі экологиялық апатпен күресіп жатыр. Өткен аптада мұнда екі кеме соғылып, салдарынан Чжуцзян өзеніне мың тонна пальма майы төгілген болатын. Соның кесірінен балықтар жаппай қырылып жатыр.

Төңіректі қолқаны қабатын жағымсыз иіс жайлаған. Осы ретте жергілікті билік 13 жағажайды жауып тастады. Қазір мұнда тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Оған еріктілер тобы жұмылдырылған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен экологтардың наразылығын туғызып отыр. Өйткені ресми Бейжің болған апат жайлы Гонконг басшылығына тек 2 күн өткеннен кейін ғана хабарлаған екен.    

Роберт Локер, ерікті:

Бұл сұмдық жағдай ғой. Меніңше, суға мың тонна емес, одан да көп май төгілген. Бұл май тек судың бетіне ғана жайылып қоймай, астында да болуы әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы