389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияда наразылық шеруіне шыққандарға оқ атылды

  • 485
  • UPD: 23:32, 09.08.2017

Президент сайлауынан кейін Кенияда тәртіпсіздіктер белең алды. Наразылық шеруіне шыққандарды тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданып, оқ атты.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, ереуілдетушілердің президент сайлауы нәтижесіне көңілдері толмайды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, сайлау учаскелерінің үштен екісінде дауыстарды санау аяқталған. Нәтижесінде қазіргі президент Ухуру Кениата халықтың 55 пайыз қолдауына ие болып, көш бастап келеді. Ал оның басты қарсыласы бұрынғы премьер-министрге жұртшылықтың  44 пайызы дауыс берген. Осыған байланысты Кения оппозициясы саяси науқанның қорытындысын мойындамай отыр. Айтуларынша, сайлау комиссиясының деректер базасына хакерлік шабуыл жасалып, нәтиже бұрмаланды. Ал биліктегілер: «Басталған наразылық шерулер 2007-ші жылғы оқиғаны қайталай ма?!», – деп алаңдаулы. Ол кезде сайлау нәтижесіне наразы топ полициямен бір жылдай қақтығысып, мың бір жүзден астам адам қаза тапты.

Радила Одинго, оппозициялық топ басшысы:

– Сайлау нәтижелерін санаған кезде құйтырқылыққа жол беріліп, бұрмалаушылықтың болғаны анық. Алаяқтық әрекет 47 учаскеде тіркелді. Қылмысты тез әшкерелеуіміз керек. 

Хабар 24 телеарнасы