387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сириямен шекарадағы бекеттің жұмысын шектеді

  • 447
  • UPD: 10:06, 11.08.2017

Түрік үкіметі Хатай провинциясының Сириямен шекарадағы «Джилвегөзю» бақылау-өткізу бекетінің қызметіне бірқатар өзгерістер енгізді.

Осыған сәйкес одан өтуге шектеу қойылып, тексеру жұмыстары күрт күшейтілетін болады. Тек гуманитарлық жүктер ғана емін-еркін тасымалданбақ.

Түркияның кеден және сауда министрі Бюлент Тюфенкчидің айтуынша, бұл шешім террорлық қауіпке байланысты қабылданып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияның түрік елімен шектесетін Африн провинциясы бүгінде күрд жасақтарының бақылауында. Жуырда ресми Анкара ұлттық қауіпсіздікке қандай да бір нұқсан келетін болса, «Евфрат қалқаны» әскери операциясын қайта бастайтынын хабарлады.

Бюлент Тюфенкчи, ТР Кеден және сауда министрі: 

- «Джилвегөзю» бақылау-өткізу бекеті арқылы кіріп шығуға шектеу қойылып, тексеру жұмыстары күшейтіледі. Оның себебі Сириядағы Баб әл-Хава бекетін террорлық топтар басып алды. Осыған орай жаңа тәртіп қауіп-қатер сейілгенше жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы